Создано: 22 Май 2024
236

2024 жылдың мамыр айының 3- і күні “Мәңгілік елдің Жас Ұландары !»

ЖББ Шахта мектебінде 2024 жылдың мамыр айының
3- і күні “Мәңгілік елдің Жас Ұландары !» тақырыбында мектебіміздің
оқуда озат, екпінді әрі белсенді оқушыларды республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар және жасөспірімдер ұйымына қабылдау мерекелік шарасы өтті. Мерекелік шарада
“Өзін-өзі басқару”ұйымының оқушылары галстук пен төсбелгі тақты.
“Ризамын дәл осындай жастық шаққа
Не жетер «Жас Ұлан » деген лайық атқа
Келеміз егеменді ел төріне өрлеп,
Ашылып алдымыздан алтын қақпа «- дей келе
қабылданған оқушыларымыз еліміздің даму жолында аянбай еңбек ететін азамат пен азаматша болатынына
сенім білдіреміз.
Ұйымдастырушы , аға тәлімгер Избенова Гульнур