02.09.2024 күні сағат 10:00де «Жалпы білім беретін Шахта мектебі» КММ-сінде «Бос тұрған педагог лауазымдарын иелену үшін ашық конкурс өткізу жөніндегі комиссияның» отырысы өтті. Бос тұрған педагог лауазымдарын иелену үшін ашық конкурс өткізу жөніндегі комиссия құрамы түгел қатысты. Олар:
Утигалиева Мира Мусагалиевна – директордың тәрбие жөніндегі орынбасары;
Каниева Онай Каниевна – педагогикалық әдеп жөніндегі кеңес төрайымы;
Үсенбаева Гүлжан Жумалбекқызы – кәсіподақ комитетінің төрайымы;
Қаналы Тұрсынгүл Тұрарбекқызы – директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары;
Отебаева Асем Кызыкбаевна – педагог-психолог;
Изтлеуова Малика Асқаровна – аудандық білім бөлімінің бас маманы, келісімімен;
Акимжанов Данияр Демесинович – Түпқараған аудандық «Адалдық алаңы» жобалық кеңесінің жетекшісі, келісімімен;
Айкешова Гульсара Бакытовна – директордың бейіндік оқыту жөніндегі орынбасары, хатшы;
Бос орынға берілген хабарландыру бойынша екі бос орынға қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімдері Жетпісбаева Қымбат Жетпісбайқызы, Рахметуллақызы Мадина, ағылшын тілі пәні мұғалімі бойынша екі бос орынға тек бір мұғалім Нұрберген Елік Дәулеткерейқызы, музыкалық жетекші маманы бойынша бір бос орынға Қадырбаева Әйгерім Жәнібекқызы, дене шынықтыру пәні бойынша бір бос орынға екі дене шынықтыру пәні мұғалімдері Ізтұрғанова Пәкизат Байсейтқызы, Мырзағалиева Айнаш Кеңістікқызы түсті. Жоғарыда аталған үміткерлердің ұсынылған құжаттары бағалау парақшасындағы өлшемшарттарға сәйкес баллдық санмен бағаланды. Комиссия қорытындысы бойынша қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімдері Жетпісбаева Қымбат Жетпісбайқызы 11,5 баллдық көрсеткішпен, Рахметуллақызы Мадина 10,5 баллдық көрсеткішпен, ағылшын тілі пәні мұғалімі бойынша Нұрберген Елік Дәулеткерейқызы 12,5 баллдық көрсеткішпен, музыкалық жетекші маманы бойынша Қадырбаева Әйгерім Жәнібекқызы 6 баллдық көрсеткішпен, дене шынықтыру пәні бойынша Мырзағалиева Айнаш Кеңістікқызы 11 баллдық көрсеткішпен «Жалпы білім беретін Шахта мектебі» КММ – сіне мұғалімдік қызметке уақытша қабылданды. Әріппестер, ұжымға қош келдіңіздер, ұстаздық қызметтеріңізге табыс тілейміз!
Құрылды: 23 Sep 2024
236