Құрылды: 08 Nov 2024
236

2024 жылдың 24 қыркүйегінде мектебімізде өткен өзін-өзі басқару ұйымының президенті сайлауының қорытындысы шықты.

2024 жылдың 24 қыркүйегінде мектебімізде өткен өзін-өзі басқару ұйымының президенті сайлауының қорытындысы шықты. Сайлау барысында мұғалімдер мен оқушылар белсенді түрде қатысып, өз таңдауларын жасады.
Сайлауға 7 үміткер қатысты.
Сайлаудың қорытындысы бойынша ең көп дауыс жинаған Гүлназ Бейбітбекқызы мектебіміздің жаңа президенті атанды, ол 82 дауыс жинап, жеңіске жетті. Кенжебекқызы Бану 57 дауыспен екінші орынды иеленді, ал Балғын Мұратбекқызы 50 дауыс жинап, үшінші орынға шықты.
Сайлау нәтижелері бойынша жеңімпазға көпшіліктің қолдауы мен сенімі көрсетілгенін атап өткен жөн. Гүлназ Бейбітбекқызы алдағы уақытта мектептің өзін-өзі басқару ұйымын басқарып, оқушылардың мүдделерін қорғау, шығармашылық жобаларды жүзеге асыру, сондай-ақ мектеп мәдениетін дамыту бағытында белсенді жұмыс істейді.
Сайлау барысы ашық әрі әділ ұйымдастырылды. Бұл мектеп қауымдастығының демократиялық принциптерді қолдайтынын көрсетеді. Жаңа президентке табыс тілейміз!