Құрылды: 22 Oct 2024
236

«Отпан» жобасы аясында ұйымдастырылған «Өзгерістерді басқару» атты аудандық семинар.

21.10.2024жылы мектеп директоры мен екі орынбасар болып “Өзгерістерді басқару” атты “Отпан” жобасы аясында ұйымдастырылған аудандық семинарға қатыстық. Семинарда қарастырылған мәліметтерді топтық жұмыс, жұптық жұмыс арқылы ұйымдастырылып берілді. Жеңіл тілмен, түсінікті оқытты. Ондағы алған мәліметтер мектепке енгізілетін өзгерісті басқаруға қатысты көзқарасымызды өзгертті. Семинардан біз өзгерісті басқарудың модельдерімен танысып, оның ішіндегі біздің мектепке лайықтысы Дж. Коттер моделі деп топшаладық. Өзгерісті басқарудың кезеңдері, қағидаттары, құралдары қарастырылды. Өзгеріске орай әрекет етудің 5 факторы туралы білдік. Команданы мақсатты құрып, олардың рөлдерін дұрыс беру маңыздылығын түсіндік. Осындай басқарудың жаңа тәсілдерін үйреніп жатқанымызға қатты қуандық, семинардан кейін мектепте қандай да бір өзгеріс болатынына сенімдіміз.