23.04.2024 ж. күні ЖББ Шахта мектебі кітапханасында “ Оқуға құштар мектеп” жобасы аясында “23 сәуір – Дүниежүзілік кітап және авторлық құқықты қорғау күніне” орай 3-сынып оқушылар арасында “Кітапхана ақыл мен білім ордасы” атты тәрбие сағаты өтті.
Мақсаты: Оқушыларға білімнің кітап арқылы берілетінін ұғындыру. Кітаптың адам өміріндегі маңызы, ғылым мен білімнің пайдасы жайлы түсіндіру. Кітапқа деген қызығушылығын арттыру. Оқушылар топ-топқа бөлініп қызықты сөзжұмбақ, ребустар шешіп, қойылған жұмбақтарға жауап берді. Мақал-мәтел айтып жарысып, тәрбие сағатын қорытындылады.
#дүниежүзіліккітапкүні
Құрылды: 30 Apr 2024
236