Құрылды: 28 May 2024
236

24.05.2024ж. мектебімізде 9 сынып бітіруші түлектердің “Білімім-Отаныма” атты тәрбие сағаты өтті. Мектеп бітіргеніне 10 жыл болған түлектермен кездесті.10 жылдық түлектер ұстаздарға ән арнап, алғысын білдірді. Мектеп қабырғасында оқыған кездегі естеліктер айтылды.

СӘТ САПАР, ЖАС ТҮЛЕК 2024!
Бүгін 25.05.2024 ж. күні мектебімізде мектеп бітіруші түлектердің ” Мың алғыс саған мектебім! тақырыбында мектеп бітіруші түлектердің салтанатты жиыны өтті. Шараға ардагер ұстаздар, ата-аналар, қонақтар қатысты. Алғашқы құттықтау сөзді мектеп басшысы Утебаева Жамал Балқасымқызы өзінің жүрекжарды құттықтауын айта отыра, жыл бойы қоғамдық жұмысты атқарған белсенді, үздік оқушылар мен олардың ата-аналарын марапаттады. Шара соңы оқушылардың ұстаздарға, мектебіне арнаған өлеңдерімен, билеріне ұласты.
Шара соңында мектеп бітіргендеріне 60 жыл толған ардагер шәкірттері келіп, қара шаңырақ өз мектептеріне ыстық лебіздерін білдірді.
11 сынып оқушысы, оқу үздігі Уразалықызы Аянат 10 а сынып оқушысы, оқу үздігі Қуанғалиқызы Данаға Аманат кітабын табыстады.
Ақ жол саған Жас түлек!🙌🏼