27.09.2024 күні «Жалпы білім беретін Шахта мектебі» ұжымында «Бала қауіпсіздігі – қоғам келешегі» тақырыбында жалпы жиналыс өткізілді.
Жиналыста балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын өзектендіру тұрғысындағы мәселелер қарастырылды. Сондай-ақ, қазіргі қоғамның өзекті мәселелерінің бірі – оқушылардың әлеуметтік желілердегі қауіпсіздігі. Бұл мәселе тек қана ата-ана емес бүткіл қоғамды алаңдатып отырғандықтан, бей-жай қарамай қазіргі оқушылардың желілерді сақтықпен қолдануын талап ететін үлкен бір мәселе. Оқушыларымызды әлеуметтік желінің теріс әсерінен қорғау-қоғаммен қатар педагогтердің де ортақ бір мақсаты. Осы мәселелердің алдын алу мақсатында мұғалімдерге түсінік жұмысы жүргізілді.
Әртүрлі қоғамда болған келеңсіз оқиғалар көрсетіліп, келешек ұрпақтың амандығына ұжымдағы әр мұғалім ат салысу керектігі айтылды. Мектепте қауіпсіздік сабақтарын енгізілетіні, әр сынып сағатында 10 минуттық «Қауіпсіздік сабағы» өткізіліп және оқушылардың заманауи қауіптерден қорғауға көмектесетін тақырыптарды қамту маңыздылығы айтылды.