28.11.2024 күні «Ұлттық ойын – оқушыларды ұлттық тәрбиелеудегі маңызды құрал» атты эстетикалық пән мұғалімдерінің семинары өтті. Семинарда 6 «Ә» сыныбына дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Ығылымова Гульмираш «Қозғалмалы жаттығулар» тақырыбында ашық сабақ көрсетті. Сабақтың мақсаты: дене қыздырыну мен қалпына келу техникаларының басты құрамдарының ағзаға тигізетін әсерін түсіндіру және оларды орындау. Сабақтың барысында оқушыларға әртүрлі қозғалысты тудыратын жаттығуларды денені қыздырыну үшін жасатып, баскетбол добын сеткаға салу бойынша жарыс өткізілді. Сонымен қатар, «Толағай» секілді ойындар да өткізілді. Сабақты қорытындылау бөлімінде оқушылардан кері байланыс ретінде «Баскетбол» әдісімен бағаланды. Оқушылар сабаққа белсенді қатысты.
6 «В» сыныбына дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Абдіхалықова Айдана «Акробатикалық жаттығулар комбинациясы» тақырыбында ашық сабақ өтті. Сабақтың барысында оқушылар денені қыздыру үшін қозғалыс жаттығуларымен айналысып, одан кейін «Жауырынға тұру», «Оңға – солға, алға – артқа домалау» секілді акробатикалық жаттығуларды жасады. Және кішкентай шарлармен де жаттығулар жасалынды. Сабақ соңында кері байланыс ретінде сұрақ – жауаптар қойылып, оқушылар тәттілермен бағаланды. Сабақ оқушылар үшін қызықты өткізілді.
Құрылды: 12 Dec 2024
236