Құрылды: 05 Dec 2024
236

«Алтын сақа» олимпиадасының аудандық кезеңінде жеңіске жеткен оқушыларымызды құттықтаймыз!

Бүгін 3-4, 5-6 сыныптар арасында өткен республикалық “Алтын сақа” олимпиадасының аудандық кезеңінің жеңімпаздары марапатталды. Мектебіміз бойынша Ниял Жасталап 6-сынып оқушысы І орынмен, Сайлаубай Диас 5-сынып оқушысы ІІ орынмен, ал 3-4 сыныптар бойынша Жаксыбекова Азиза мен Лыйас Нұрай грамотамен марапатталды. Облыстық кезеңге Ниял Жасталап пен Сайлаубай Диас өтті.
Оқушыларымызға келесі кезеңдерде де жеңіс тілейміз!