04.10.2024 жылы «Ұстазым, ұлағатым – үлгі өнегем» атты мектепішілік мерекелік кеште өскелең ұрпаққа білім берудегі және тәрбиелеудегі қол жеткізген жетістіктері мен табыстары үшін Түпқараған ауданы бойынша білім бөлімінің Құрмет грамотасымен мектебіміздің ағылшын тілі пәнінің мұғалімдері Тынымбаева Динара Бақтыгерейқызы, Тәжіғұлова Динара Нұрланқызы, биология пәнінің мұғалімі Бисенбаева Рысгуль Маратовна, бастауыш сынып мұғалімдері Нарембаева Сания Байжановна, Ибраева Гульназ Жумабаевна, Кызылгулова Анара Муханбетовна марапатталды.
Аудандық марапат
04.10.2024 жылы «Ұстазым, ұлағатым – үлгі өнегем» атты мектепішілік мерекелік кеште білім беру саласындағы атқарған жұмыстары мен толағай табыстарға қол жеткізуге үлес қосқаны үшін Түпқараған ауданы бойынша білім бөлімінің Алғысымен мектебіміздің математика пәнінің мұғалімдері Бибиткали Зульфия, Бермаганбетова Айгул Акикатовна, информатика пәнінің мұғалімі Нұрғабылова Мейрамгүл Аңшыбайқызы, көркем еңбек пәнінің мұғалімі Утепкалиева Жансулу Кумаргалиевна, дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Абдіхалықова Айдана Жәдігерейқызы, Мұратова Мөлдір Мұратқызы марапатталды.
Құрметті ұстаздар, марапаттарыңыз құтты болсын! Алар асуларыңыз көп болсын!