Құрылды: 18 Nov 2024
236

ЖББ Шахта мектеп мұғалімдері арасында “Біліктілік арттыру курстарына қатысқан мұғалімдермен кері байланыс” атты семинар өтті.

ЖББ Шахта мектеп мұғалімдері арасында “Біліктілік арттыру курстарына қатысқан мұғалімдермен кері байланыс” атты семинар өтті. Семинар әр бірлестікке жеке өткізілді. Бірінші күні жаратылыстану пән бірлестіктері, екінші күні бастауыш сынып бірлестіктері, үшінші күні гуманитарлық пән бірлестік мұғалімдері қамтылды.

Бірлестіктегі мұғалімдер «Отпан» жобасы бойынша ұйымдастырылған жазғы курстардан алған білімдерімен бөлісті. Семинарда сабақты қалай тиімді жоспарлау керек екенін, пәнге қызығушылықты ынталандыратын бағалау туралы, функционалдық сауаттылыққа берілген тапсырмаларды сабақтарға енгізу туралы айтылды. Атап айтсақ Төлебай Гүлнұр, Каниева Онай, Абдырова Акбобек, Аханова Назгүл, Қаналы Тұрсынгүл, Момынова Нұржамал өздерінің құрастырған қысқа мерзімді жоспарларымен бөлісіп, сабақтың оқу мақсатынан сабақ мақсатын қалай шығару керектігін айтты, оқушыларға топтық , жұптық, жеке жұмыс міндетті түрде жүру керектігін айтты, ауызша сабаққа қолданылатын әдіс- тәсілдерді көрсетті.

Сонымен қатар, әр күні пиза тапсырмаларына дайындық жасау мақсатына қысқа мерзімдегі жоспардағы сабаққа функционалдық сауаттылыққа байланысты тапсырмаларды енгізу қажеттігін айтты. Дескрипторларды, бағалау критерийін сауатты құру нәтижелі сабақтың маңызды бөлшегі екенін, баламен сабақтың өн бойында кері байланыс жоғары деңгейде өту керектігін баса назарда болу керектігі айтылды.

Критериалдық бағалауға байланысты семинарға қатысып келген Тынымбаева Динара, Кошбаева Гулзира, Торебекова Гулшат, Тәжіғұлова Динара сабақта қолданылатын критериалды бағалаудың жаңа әдістерімен бөлісті, әдістемелік құралдарды таратты. Ал психолог Сарғұл Жамал мұғалімдермен семинар соңында көңілді тренинг өткізді. Мұғалімдер көкейлерінде жүрген сұрақтар мен ойларды ортаға салып, әріптестермен ой бөлісті.