⚜️Мектеп формасы
2024-2025 оқу жылындағы мектеп формасы
Жалпы білім беретін Шахта мектебінің ата-аналар назарына!!!
✅Мақсат – жалпыға міндетті мектеп формасын қолдануда орта білім беру ұйымдарының көзқарастарының бірлігін қамтамасыз ету, ата-аналардың мектеп формасына оң көзқарасын қалыптастыру, білім беру ұйымдары мен кеңестер (мектеп кеңесі, қамқоршылық кеңесі, ата-аналар комитеті) басшылығының жауапкершілігін арттыру, білім берудің зайырлығын сақтау.
✅Мектеп формасы:
Үлгісі: Классикалық
Түсі: Күңгір көк( темно-синный)
Ескеретін жәйт:
Ұлдар шалбары тобықты жабуы шарт!
Қыздар белдемшесі тізеден 5 см жоғары болмауы керек!
Мектеп формасына түрлі конфессияға жататын діни элементтерді енгізуге жол берілмейді!
-Ер балалардың мектеп формасы: ақ жейде,қою қара көк түсті (тёмно-синий) пиджак,осы түстен жилет,классикалық үлгіде қара көк түсті еркін тігілген және ұзындығы бойынша тобықты жауып тұратын шалбар;
– Қыз балалардың мектеп формасы: ақ кофта, қара көк түсті (тёмно-синий) жилет, белдемшесімен (юбкасымен) тізеден 5 см төмен түсіп тұруы қажет немесе сарафан.
✅Мектеп оқушысына тән қосымша белгілер:
-Ер балалар : мектеп формасын ережеге сай сақтауы тиіс, шаштары қысқа үлгіде алынған болуы керек.
-Қыз балалар : мектеп формасын ережеге сай сақтауы тиіс,шаштары екі жаққа өрілген, ақ бантик, ешқандай косметикалық бояу қолданбауы тиіс.(кірпік,шаш табиғи түрде болуы, басқа түске боялмауы және жасанды жолмен ұзартылмауы талап етіледі)
Оқушы қыздарға шалбар киюге рұқсат етілмейді.