Құрметті ұстаздар!
Маңғыстау облысы Түпқараған ауданы бойынша білім бөлімінің «Жалпы білім беретін Шахта мектебі” КММ-сі 2024-2025 оқу жылында ҚР Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығын негізге ала отырып, бос орындарға оқытудың озық технологияларын жетік меңгерген, бастаған ісінің нәтижесін көрсете алатын, мектеп жүйесін жан-жақты дамыту үшін қажетті теориялық біліммен қаруланған қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі, дене шынықтыру пәні мұғалімі, ағылшын тілі пәні мұғалімі, музыка пәні мұғалімі және музыкалық жетекші мамандықтарына төменгі бірлік бойынша конкурс жариялайды:
🔸Қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі –2 бірлік (уақытша);
🔹Дене шынықтыру пәні мұғалімі –1 бірлік (уақытша);
🔸Ағылшын тілі пәні мұғалімі –2 бірлік (уақытша);
🔹Музыка пәні мұғалімі – 1 бірлік (уақытша);
🔸Музыкалық жетекші –1 бірлік (уақытша);
🔸Қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімінің негізгі функционалдық міндеттері: сабақты үлгілеу, оқу сабақтарын жоспарлау , теорияны практикамен ұштастыру, педагогикалық үдерісті әдістемелік сүйемелдеуді қамтамасыз ету.
🔹Ағылшын тілі пәні мұғалімінің негізгі функционалдық міндеттері: сабақты үлгілеу, оқу сабақтарын жоспарлау , теорияны практикамен ұштастыру, педагогикалық үдерісті әдістемелік сүйемелдеуді қамтамасыз ету.
🔸Дене шынықтыру пәні мұғалімінің негізгі функционалдық міндеттері: сабақты үлгілеу, оқу сабақтарын жоспарлау , теорияны практикамен ұштастыру, сабақтар мен іс-шараларды өткізу барысында білім алушылардың толық қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
🔹Музыка пәні мұғалімінің негізгі функционалдық міндеттері: сабақты үлгілеу, оқу сабақтарын жоспарлау ,оқушылардың музыкалық тәрбиесін және эстетикалық дамуын жүзеге асыру.
🔸Музыкалық жетекшінің негізгі функционалдық міндеттері: мәдени-бұқаралық іс-шараларды ұйымдастыру, балалармен дербес жұмыстар жүргізу, түрлі музыкалық-дидактикалық ойындарды ұйымдастыру.
📍Мекен-жайы: Маңғыстау облысы Түпқараған ауданы Таушық ауылы, Түмен Балтабасұлы көшесі
📲Байланыс телефоны: +77016948437
🌐Электрондық пошта: shakhta-orta@mail.ru
Конкурсқа қатысуға ниет білдірушілер төмендегідей құжаттар тізбесін жолдайды.
* Конкурсқа қатысу туралы өтініш.
* 2) Жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін).
* 3) Кадрларды есепке алу бойынша толырылған жеке іс-парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса).
* 4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері.
* 5) Еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса).
* 6) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізілімінде №21579 болып тіркелген).
* 7) Психоневрологиялық ұйымнан анықтама.
* 8)Наркологиялық ұйымнан анықтама.
* 9) Соттылығы туралы анықтама
* 10) Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі – ҰБТ) немесе педагог-модератор, педагог-сарапшы, педагог-зерттеуші, педагог-шебер біліктілік санатының болуы туралы куәлік(болған жағдайда).
* 11) Педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы.
* Конкурсқа қатысушы бар болған жағдайда біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми/академиялық дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми немесе әдістемелік жарияланымдар, біліктілік санаттар туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсынады.
* Құжаттар 22.08.2024-31.08.2024 күндер аралығында қабылданады.