14.11.2024 ж ЖББ Шахта мектебінде «Проблемалық оқыту технологиясы» тақырыбында семинар өтті. Семинарға мектеп ұстаздары қатысты. Семинарда проблемалық оқытудың мақсат, міндеттері,оның негізін салушылар туралы айтылды. Проблемалық оқыту шығармашылық тұрғыдан меңгеруге негізделген жүйе. Мұнда мұғалім оқушылар алдына проблемалық міндет қояды, ал шешімді және шешу жолдарын оқушы өзі іздестіруі тиіс. Сондай -ақ проблемалық оқытудың артықшылығы мен кемшіліктері туралы да ақпарат берілді. Семинар барысында мұғалімдер тақырып аясында ой бөлісіп, пікірлесті. Өз тәжірибелерінде пайдалану, нәтижесін салыстыру бағытында жұмыстар жасау жолға қойылды. Өткізген: Шамшадиева Каламкас.
Создано: 27 Ноя 2024
236