СӘТ САПАР, ЖАС ТҮЛЕК 2024!
Бүгін 25.05.2024 ж. күні мектебімізде мектеп бітіруші түлектердің » Мың алғыс саған мектебім! тақырыбында мектеп бітіруші түлектердің салтанатты жиыны өтті. Шараға ардагер ұстаздар, ата-аналар, қонақтар қатысты. Алғашқы құттықтау сөзді мектеп басшысы Утебаева Жамал Балқасымқызы өзінің жүрекжарды құттықтауын айта отыра, жыл бойы қоғамдық жұмысты атқарған белсенді, үздік оқушылар мен олардың ата-аналарын марапаттады. Шара соңы оқушылардың ұстаздарға, мектебіне арнаған өлеңдерімен, билеріне ұласты.
Шара соңында мектеп бітіргендеріне 60 жыл толған ардагер шәкірттері келіп, қара шаңырақ өз мектептеріне ыстық лебіздерін білдірді.
11 сынып оқушысы, оқу үздігі Уразалықызы Аянат 10 а сынып оқушысы, оқу үздігі Қуанғалиқызы Данаға Аманат кітабын табыстады.
Ақ жол саған Жас түлек!🙌🏼
Создано: 28 Май 2024
236