Создано: 25 Ноя 2024
236

31.10.2024 ЖББ Шахта мектебінде үйірме жетекшілеріне “Жетістікке жету мотивациясы” атта тренинг ұйымдастырылды.

Тренингтің мақсаты: мұғалімдерді табысқа, жетістікке қол жеткізуін, мақсат қою дағдысын қалыптастыру, көтеріңкі көңіл-күй, командалық қарым -қатынас орнату. Тренинг барысы “Жетістік дегеніміз не? “ сұрағы арқылы тақырып ашылып, әр қатысушы өз пікірімен алмасты. Қатысушылар екі топқа бөлінді. 1топқа “Жетістікке қалай жетуге болады?” , 2топқа “Табысыңды қалай басқаруға болады?” сұрақтарына өз жауаптарын берді. Топтық қорғау болды. “Алғыс айт” атты тыныс алу жаттығулары, “Өз жұбыңды тап”, “Молекула” жаттығулары жүргізілді. Қатысушылар тренингтен алған әсерлерімен бөлісті. Жылы орта, жағымды эмоция қалыптасты. Тренингке 10мұғалім қамтылды. Ұйымдастырған: Отебаева А.К