4.11-2.12 .2024ж аралығында “Проблемалық оқыту арқылы 9а сынып оқушыларының жаратылыстану пәндері бойынша зерттеу дағдыларын дамыту” тақырыбында жоба жүрді.Жобаның негізгі кезеңінде оқушылар түрлі жаратылыстану пәндері бойынша өздерінің зерттеу тақырыптарын таңдап, өз жұмыстарының жоспарын құруға кірісті. Олардың арасында физика, биология, химия сияқты пәндерден тақырыптар болды. Әр оқушы өз таңдауына қарай деректер жинап, зерттеу әдістерін қолданды. Оқушыларға зерттеу әдіснамасы, гипотеза құру, эксперимент жүргізу, қорытындылар жасау сынды дағдылар үйретілді.
Жобаның соңында оқушылар өздерінің зерттеу жұмыстарын қорғап, нәтижелерін көрсетті. Олар осы сыныптың оқушылары: Қайырғали Нұрай , тақырыбы «3D голограмма технологиясы: қолдану аясы және даму мүмкіндіктері», Русланұлы Ақан , тақырыбы «Түбектің төл перзенті- Түмен ата».
Создано: 12 Дек 2024
236