Бүгін 23.10.2024ж.күні ЖББ Шахта мектебінде » Құқық бұзушылықтың алдын алу іс-шаралары» жөнінде жалпы ата-аналар жиналысы өтті! Жиналысқа Түпқараған аудандық білім бөлімінің басшысы Утесбаева Айбаршын Қуанышқалиқызының басшылығымен, Түпқараған аудандық прокуратура қызметкерлерімен бірлесіп ата-аналарға құқық бұзушылықтың алдын алу туралы кең көлемде түсіндірме жұмыстары жүргізілді! Қазіргі қоғамда болып жатқан зорлық-зомбылық, құқық бұзушылық салдары, буллинг, кибербуллинг туралы түсіндірілді. Мақсаты: Өскелең жас ұрпақтың салауатты өмір салтын ұстануы, жауапкершілікті сезінуі, өз елінің адал патриоты болуына ықпал жасау. Білімді де, білікті азамат болуға тәрбиелеу.
Создано: 24 Окт 2024
236