18-19.04.2024 күндері «Мұғалімнің оқу-тәрбие процесінде оқушыларды ынталандыру әдістерін қолдану» атты эстетикалық пәндер бірлестігінің семинары өтті. Семинарда 6 «Ә» сыныбына музыка пәнінің мұғалімі Төребай З «Кино және музыка» тақырыбында ашық сабақ көрсетті. Сабақта кинолента әдісін қолдана отырып, тыңдаған музыкалық шығарманы талдап, өнердің өзге түрлерімен байланысын анықтады. Кино мен музыканың байланысын салыстырды. 5 «В» сыныбына көркем еңбек пәнінің мұғалімі Ештаева С «Электротехникалық арматура» тақырыбында ашық сабақ өтті. Сабақта оқушылар Шам пантронын,штепстельді ашаны монтаждау жұмысын бірлесе орындады. Сарамандық жұмыс барысында қауіпсіздік ережелерін сақтады. Сабақтың соңында бекіту мақсатында тест орындады. 2 «Ә» сыныптың оқушылары Бүркітбай Бекарыс пен Батырбайұлы Бағдатқа дефектолог-мұғалім Жапарова Ү «Адамның дене мүшелері. Бір сөзден бірнеше сөз құра» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Адамның дене мүшелерін атай отырып, қандай қызмет атқаратынын ажыратты. «Адам ағзалары», «Сиқырлы қапшық», «Допты қағып ал» әдіс-тәсілдері бойынша сабақ жүргізді. Логопед-мұғалім Достанова К «Р дыбысы тұйық буында.Бау-бақшада не өседі?» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабаққа 2 оқушы қатыстырылды. Р дыбысының дұрыс айтылымын бекіте отырып, дауыссыз дыбыс екендігін меңгертті. Әртүрлі жеміс-жидектерді көзін жұмып ұстап, сипап қарап, қандай жеміс екенін табу тәсілін қолданды. Сергіту сәтіне нейрожаттығуларын жасады. Сабақ барысында Артикуляция және тыныс алу жаттығулары жургізілді. 6 «А» сыныбына дене шынықтыру пәні мұғалімі Ығылымова Г «Футбол ойын техникасының элементтері» тақырыбына ашық сабақ өткізді. Оқушыларды футбол элементтерімен таныстыра отырып, ойын элементтеріне арналған жаттығу түрлерін үйретті. Тік тұрып сапқа тұрып, санақ саны бойынша рапорт қабылдады. Сабақ барысында оқушыларды бір — біріне қарама-қарсы тұрғызып, допты аяқтың іщкі және сыртқы жағымен бөлігінен теріп беру жаттығуы, шеңбер бойымен тұрғызып, допты оң және сол аяқпен қабылдау және қақпаға тебу әдістері, бір түзудің бойында 1,5м қашықтықта орналастырып, допты оң және сол қырымен алу жүру жаттығулары жүргізілді. Оқушылардың білімін жүйелеп, футбол элементтерін жеке-жеке көрсету арқылы бағаланды әрі мадақталды.
6 «Ә» сыныбына дене шынықтыру пәні мұғалімі Абдіхалықова А «Футбол.Алаңдағы қозғалыстар.Ойын кезінде допты иелену» атты ашық сабақ өтті. Сабақ жүйелі ұйымдастырылып, өз мақсатына жетті. ЖББ Шахта мектебінде әлеуметтік педагог Қайырғали Ләззат ұйымдастыруымен 5-10 сыныптар арасында өткен «Мейірімділік керуені» атты қайырымдылық жәрмеңкесі өтті. Сыныптар белсенді қатысып, көзделген қаражат жиналды.
Создано: 30 Апр 2024
236